Қазір әлемде ақыл-есінен алжасқан жандар саны 50 миллионнан асады екен. Ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 150 миллионға жетуі мүмкін деген болжам бар.
Сондықтан оған қазір «ХХІ ғасыр обасы» деген айдар тағылып отыр. Бұл қорқынышты аурудың атауы – деменция. Аталған дерт неге дендеп барады? Оны емдеуге бола ма? Сұрағымызға «Алматы» телеарнасының студия қонағы – Алматы қалалық «Психикалық сауықтыру орталығы» №6 бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы, психиатр Гаухар Нартай жауап берген еді.
Толығырақ төмендегі бейнематериалдан көре аласыз.