Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен жиында медициналық ұйымдарда бала өлімін азайту, сондай-ақ қатерлі аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендету шаралары талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиынға қалалық медициналық ұйымдардың басшылары қатысты. Жиынға қатысушылар Үйлестіру кеңесі барысында айтылған бірқатар мәселелерді қарастырып, қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.
«Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының барлық маңызды көрсеткіштерін мұқият пысықтау қажет. Тек үйлесімді бірлескен іс-қимыл ғана қойылған барлық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Барлық басшыларға медициналық көмек көрсету сапасын қатаң бақылауда ұстау қажет», – деді Ержан Бабақұмаров.
Естеріңізге сала кетейік, республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша, 29 қазанда Алматыда өткен Кеңесте Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын іске асыру, Алматы денсаулық сақтау жүйесіндегі істердің жағдайын жақсарту, МӘМС тетіктерін енгізуді ескере отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша кешенді іс-қимыл жоспары әзірленді.