Сәтті өткен операция арқылы сәбидің бауырындағы жарты келі ісік алынды
Алматыда жаңа туған нәрестеге ота жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сәтті өткен операция арқылы сәбидің бауырындағы жарты келі ісік алынды. Күрделі ота 4 сағаттан аса уақытқа созылған.
«3 ақпан күні 3 күндік нәресте түсті. Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Нәрестеге перзентханада «оң жақ бауырдың туабітті түзілісі» диагнозы қойылған», – деді Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының неонатальды хирургі Қанат Әшірбай.
Айта кетейік, нәресте 12 күндік бақылаудан соң үйге шығарылған. Қазір баланың денсаулығына жақсы.