Ұлттық сараптама орталығының төрағасы Арнұр Нұртаев халық арасындағы «балаларға салынатын екпе сапасын бақылау жүйесі әлдеқайда нашар» деген түсінікпен келіспейтінін айтты. Оның айтуынша, еліміздегі екпе құрамын бақылайтын зертхана еуропалық сапа стандарттарына сай, соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен өткен онлайн конференцияда вакцинация маңыздылығын, әсіресе әлем коронавирус індетімен күресіп жатқан кезде бағалау мәселелері талқыланған еді. Ал қазір мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында екпенің адам иммунитеті үшін маңыздылығын түсіндіру жұмыстары тұрақты жүріп жатыр.
«Қазіргі екпелердің еуропалық стандарттарға сәйкес, жасушасыз жоғары дәрежелі, тазартылған екпелер. Бала екпелерді кезекке сәйкес, перзетханадан бастап алады. Екпелер бала организімін инфекциялардан қорғайды. Екпелер уақытылы, күнтүзбеге сәйкес алынса, денсаулыққа еш зияны болмайды», - дейді № 4 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Айтолқын ЖАНАБАЕВА.