Короновирус: Әлемдегі ахуал қалай - маман пікірі

08.02.2023 00:42
24.kz

Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирусқа 51 адам шалдығып, бір науқас көз жұмған. 7 пациенттің жағдайы аса ауыр. Әйтсе де елдегі эпидахуал тұрақты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал ресейлік вирусологтар күніне 50 мыңға дейін адам коронавируспен ауырады деп болжап, вирустың тағы бір толқынын күтіп отырған көрнеді.

Коронавирустың беті әлі қайтпады ма? Әлемдегі ахуал қалай? Осы және өзге сұраққа  Швейцариядағы белгілі терапевт, дәрігер Серік Тұрсын жауап береді.      

«Швейцарияда бір жылдан бері пандемия тоқтады. Келген-кеткен кісілерді тексеру сынды қзге де тыйымдарды алып тастады. Қазіргі жағдайда коронавирус 0-ге түсіп кетті деуге болады. Өйткені ол гриппен бірдей. Ал екеуін салыстыратын болсақ, ауыратын адамдардың жағдайы да бірдей. Ал енді Ресейге келетін болсақ, ондай ақпарат жоқ. Өзім кездестірмедім. Тағы вирус көтеріледі деген ол меніңше, үлкен сұрақ. Омикрон дүниежүзінде осы пандемияны тоқтатты. Әлсіреп қалған омикроннан зардап әкелетін коронавирус келеді деп ойламаймын. Егер де лабороторияда жасап қайтадан шығарып, қайта өршітіп жібермесе. Бұл енді басқа жағдай. Сондықтан дүниежүзінде жағдай жаман емес», – деді  терапевт, Еуропадағы қазақ дәрігерлері қауымдастығының жетекшісі Серік Тұрсын (Швейцария)

Ковидпен ауырғаннан кейін адамдардың демігу, әлсіздік, өкпе мен жүрек аурулары сияқты сырқатқа жиі шағымданады.Бұл үрдіс әсіресе Еуропада көп байқалатын секілді

«Коронавируспен ауырғаннан кейін әрі қарай жалғасатын сипмтоматика болуы мүмкін. Жөтел бар, әлсіреп қалған, бұлшықеттер әлсіреп, депрессия деген сияқты симптомдар болуы мүмкін. Осы белгілер 3 айдан 9 айға дейін созылып кетті. Еуропада көп айтылып жатқаны, бізде өте көп назар аударып, емдеп жатыр. Оған диагонстика керек, оны басқа бір ауруға қоса салмау керек», – деді Серік Тұрсын.