Қаламызда МӘМС-ті түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Almaty.tv
Almaty.tv
Емханада медициналық сақтандыру жүйесіне кіретін тегін қызметтердің тізімі жасалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін қала ауруханаларының бірінде дәрігерлер емделушілерді жаңа жүйенің мүмкіндіктерімен, сондай-ақ, жақында ашылған балалар  мен реабилитациялық бөлмелердің инновациялық тәсілдерімен таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктерімен танысқысы келген алматылықтар таң сәріден №26 емханаға қарай бет алды.  Медбикелер алдымен келушілерді «тепловизордың» көмегімен тексеріп, «коронавирусқа» қарсы профилактика шараларын пысықтап алды. Содан соң ақ халаттылар медициналық сақтандыру жүйесінде жоқ азаматтарды тіркеуге кірісті.  

«Өткен жылы мысалы біздің емханамызға 9 мыңнан аса адам тіркелді. Оның 5 мыңдайы электрондық үкімет порталы арқылы тіркелді. Ол арқылы халыққа тегін қолжетімді, күндізгі және реабилитация бөлімінде емделу және клиника диагностикалық қызметтер қымбат қызметтер түрлері қолжетімді бола түсті», – деді қалалық №26 емханасының бас дәрігері Айгүл ТҰРЫСБЕКОВА.

40 мыңға жуық адам тіркелген медициналық мекемеде жақында балалар бөлімі ашылыпты. Бұл жерде жүкті әйелдер мен жеткішектердің күтіміне қажетті заманауи құралдардың көмегімен әлемдік тәжірибеге негізделген ем қолданылады.  

«Біздің учаскелік дәрігерлер жүктілік кезеңі он екі аптадан асқан әйелдермен белсенді жұмыс істейді. Олардың тұрмыстың жағдайына назар аударады. Сол арқылы әр отбасының материалдық мұқтаждықтарын ескере отырып, әсіресе көп балалы және толық емес отбасыларға басымдық береміз», – деді қалалық №26 емханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле КЕНЕБАЕВА.

Емханада  медициналық сақтандыру жүйесіне кіретін тегін қызметтердің тізімі жасалған. Мекеме ішінде бұлшық еттерді нығайтуға арналған жаттығу залдары да қарастырылыпты. Кейбір ауру түрлерін мамандар сирек кездесетін тәсілдермен  емдейді екен. Бұл әдіс адамның сүйек және бұлшық еттерін спорттық жаттығулар арқылы қалпына келтіреді.

«Алғашқы он күнде бейімделу жұмыстарын жүргіземіз. Себебі, адамның денесі   қысымға шыдас беруі тиіс. Мәселен, кинезотерапия мойын, кеуде және бел тұсында болуы мүмкін. Осылайша емделушілермен жеке-жеке жұмыс істейміз», – деді дәрігер-реаниматолог Қуаныш САХАРИЯНОВ.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы әрбір азамат өзі қалаған емханаға тіркеле алады. Бұл медициналық мекемелер арасында бәсекелестікті арттырып, қызмет сапасын жақсартуға зор септігін тигізеді, дейді дәрігерлер.

Қуан Нұрақын, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров