ШҚО дәріханалары есірткісі бар дәрілерді рецептсіз сатқан

30.07.2019 04:18

Шығыс Қазақстан облысында дәріханалар құрамында есірткі бар дәрі-дәрмектерді рецептсіз сатып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ШҚО прокуратурасының алқа отырысында айтылды. Прокуратура өкілдері Есірткіге қарсы күрес басқармасымен бірлесе отырып, 4 тонна көкнәр тәркілеп, көзін жойған.

«Одан бөлек, 15 дәріханаға құрамында есірткі бар дәрі-дәрмекті рецептсіз сатқаны үшін 3,5 млн теңге айыппұл тағайындалды. Бүгінде соның 9-ы әкімшілік жауапқа тартылған, олардың лицензиясын тоқтату туралы мәселе қаралуда», - делінген ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.