Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болды

28.11.2022 14:34

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды

akorda.kz

Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы өз Жарлығымен Тілеген Қаскин мен Ардақ Теңгебаевты да Қазақстан Республикасы Жоғары есеп палатасының мүшелері етіп тағайындады.