Алматы облысының кәсіпкерлік басқармасына жаңа басшы тағайындалды

03.03.2022 14:35
ҚазАқпарат

Алматы облысы әкімінің өкімімен Диас Серікұлы Серіков Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Диас Серікұлы 1988 жылы туған, білімі жоғары. 2009 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін қаржы бакалавры, 2012 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін экономика және бизнес магистрі мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласында «ҚР Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМҚ инженері болып бастаған. 

Әр жылдары Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ бас менеджері, Өнімділік-2020 бағдарламасы орталығының бас сарапшысы, директоры, осы АҚ-ның Қолдау құралдары орталығы директорының орынбасары, Өнеркәсіп және бәсекеге қабілеттілік орталығының директоры, «NADLoC» жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ Субконтрация және өнеркәсіп кооперациясы орталығы директорының орынбасары, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Қолдау құралдары орталығының директоры, Қолдау құралдарын дамыту және мониторингілеу дирекциясының басшысы лауазымдарын атқарған. 2021 жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Стратегиялық жобалар мен коммуникациялар дирекциясының басшысы болды.