Асқар Есімов «Қайрат» ФК бас директоры қызметіне тағайындалды
Фото пресс-службы ФК "Кайрат"
Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Қайрат» футбол клубының жаңа бас директоры қызметіне Асқар Асылбекұлы Есімов тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«40 жастағы маманның спорт саласындағы тәжірибесі мол, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт комитетінде, сонымен қатар ескек есу спортының федерациясында қызмет еткен. Асқар Асылбекұлы экономика және қаржы саласында да нәтижелі жұмыстар атқарған», – делінген команданың баспасөз хабарламасында.
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласына қосқан баға жетпес үлесі мен жұмысы үшін, 2015 жылы Асқар Асылбекұлы «Ерен еңбегі үшін» марапатымен марапатталған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06