Президент ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын тағайындады

25.09.2023 в 15:20

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

gov.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тиісті құжаттар 2023 жылғы 25 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланған:

Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.