Қазақстанның бас банкін Тимур Сүлейменов басқаратын болды

04.09.2023 15:25

Сенат Ұлттық банк басшысын тағайындады

nur.kz

Сенат Ұлттық банк басшысы лауазымына Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын Президент ұсынған еді.

Сенаторлар ашық дауыс беру әдісін қолданды. Депутаттар Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын мақұлдады.

Бұған дейін бұл қызметті Ғалымжан Пірматов атқарған еді.

2023 жылғы 4 қыркүйек күні Ғалымжан Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды.

-Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ғалымжан Пірматов 1972 жылы 24 сәуірде дүниеге келген.

1994-2005 жылдары Қазақстан компанияларында және шетелдік компанияларда (АҚШ, Украина) басшылық лауазымдарды, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жобалық қаржыландыру басқармасының бастығы, басқарушы директор – инвестициялық банкинг департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, «Сameco Kazakhstan» компаниясының президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне 2022 жылы 3 ақпанда тағайындалған еді.

Оқи отырыңыз:Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-нөмірін жариялады