Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы сайланды

23.06.2022 15:41

Ол өзіне артылған сенім үшін алғыс айтып, бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді

фото: Baq.kz

Сенаттың жалпы отырысында Нариман Төреғалиев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Комитеттің төрағасы қызметіне сенатор Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын ұсынамын. Сенаттың тұрақты комитетінің хатшысы. Біз Нариман Төрағалиевті іскер ұйымдастырушы, талапты жетекші, жауапты маман ретінде жақсы білеміз. Азаматтық ұстанымы жоғары, әлеуметтік-мәдени және ғылым саласына қатысты мәселелерге барынша жетік», - деді сенатор Нұртөре Жүсіп.

Бұл кандидатураны депутаттардың барлығы қолдап, комитет төрағасы болып Нариман Төреғалиев сайланды.

Ол өзіне артылған сенім үшін алғыс айтып, бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

Теги: төраға