Берік Уәли «Хабар агентігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

 Фото авторы Бауыржан Жуасбаев
Фото авторы Бауыржан Жуасбаев
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Берік Уәли «Хабар агентігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 2019 жылғы наурыздан Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарып келді.

Берік Уәли 1997 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «кинотанушы», 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019 жылы наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.


Новости партнеров