Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

08.06.2023 в 15:55

Ол 2022 жылдың 11 сәуірінен бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды

gov.kz

Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», - делінген құжатта.

Тамара Дүйсенова Түркістан облысында туған. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы – инженер – экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

  • 1988 - 1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді;
  • 1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі;
  • 1993-1994 жылдары – «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы;
  • 1994-1997 жылдары - Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары;
  • 1997-1999 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары;
  • 1999-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице - министрі;
  • 2006-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (02.2013-06.2013);
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2013-2014);
  • ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014-2017);
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2017-2018);
  • «Nur Otan» париясының хатшысы (2018-2019);
  • 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Президентінің көмекшісі;
  • 2022 жылдың 11 сәуірінен бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.