Ерлан Нысанбаев Экология және табиғи ресурстар министрі болды
egemen.kz
Ол 2019-2021 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы бастаған.
Түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.
2014-2019 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
2019-2021 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
16.11.2026 09:20
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
16.11.2026 11:20
Президент ҰҚК-нің жаңа төрағасын таныстырып, міндеттер жүктеді
16.11.2026 12:20
Әуезов ауданында жаяу жүргіншілер аймақтары жаңартылды
16.11.2026 10:00
Тау және скрипка: Алматының әсем табиғатында әуен әуеледі
16.11.2026 13:20