Ол бұғанға дейін агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", – делінген Мемлекет басшысының жарлығында.