Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайылов сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қордың телеграм каналына сілтеме жасап.
Бұл лауазымды бұрын Джон Дудас атқарған. Ол Қордың тәуелсіз директоры ретінде директорлар Кеңесінде қалады.