Бұған дейін ол ҚР Тұңғыш Президенті Протоколы бастығының орынбасары қызметін атқарып келді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін Әділ Жанзақов ҚР Тұңғыш Президенті Протоколы бастығының орынбасары қызметін атқарып келді. Елбасының шемімен ҚР Тұңғыш Президенті Протоколының бастығы Дандыбаев Аслан Момышұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен бостатылды.