|
24.03.2022 | 12:15
491

Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды

Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды

Қостанайға жаңа әкім келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қостанай қаласы мәслихатының депутаттарының келісімімен және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің бұйрығымен Марат Күнісбайұлы Жүндібаев Қостанай әкімі болып тағайындалды. Марат Жүндібаев – Қостанай ауданы Новоселовка ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар. 

20 жылдан бері Қостанай облысы жергілікті атқарушы органдары құрылымында түрлі қызметтер атқарған, соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болған. Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болған. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қайрат Жұмашұлы Ахметов өз еркімен қызметінен босатылды. Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарған қызметі үшін алғыс айтты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир