Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

primeminister.kz
primeminister.kz
Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алмаз Ыдырысов индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.

2005-2006 жылдары - "Қазақавтожол" ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы.

2006-2014 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет еткен.

2014-2016 жылдары - "Қазавтожол" АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары.

2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болған.

2019-2022 жылдары - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары - ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.

2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы - ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болған.

Новости партнеров