Нұрболат Айдапкелов Ұлттық статистика бюросын бір жыл үш ай басқарды
Нұрболат Айдапкелов Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымынан босатылды", – делінген Ақорда сайтында.
Нұрболат Айдапкелов Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне 2020 жылы қазан айының соңында тағайындалды.
Айта кетері, Айдапкелов 2016 жылдан бері Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетін басқарды.
Ал 2020 жылы қазан айында статистика комитеті Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылды.