Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

01.02.2022 в 19:12

Алматы облысы әкімінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Сарсеев Руслан Ерболұлы Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін бұл қызметті Айдар Қарбозов басқарған болатын.