Президент бірқатар министрді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

04.04.2023 19:15
Almaty.tv

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің бірқатар министрін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі;

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайынсын», – делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.