Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды

11.06.2022 19:47
ҚазАқпарат

Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын» делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.