Мағзұм Мырзағалиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", – делінген мәтінде.
Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы "Тұран" университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2003 жылы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын "халықаралық қатынастар экономисі" бойынша бітірді.
2000-2001 жылдары – Ақмола облыстық орман басқармасының қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы;
2001-2002 жылдары – MI Drilling Fluids International Атырау бөлімшесінің техника қауіпсіздігі менеджері;
2002-2004 жылдары – Хьюстон (АҚШ) және Куала-Лумпур (Малайзия) қалаларында тағылымдамадан өтті;
2004-2007 жылдары – "MI Drilling Fluids International" Ақтау бөлімшесінің өндіріс бойынша менеджері;
2007-2010 жылдары – "ТеңізСервис" ЖШС бас директоры;
2010-2012 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры;
2012-2013 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары;
2013 жылдың қазанынан бастап – мұнай және газ вице-министрі;
2014 жылдың тамызынан бастап 2019 жылдың маусымына дейін – энергетика вице-министрі;
2019 жылдан бастап 2021 жылдың қыркүйегіне дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.
2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қаңтарына дейін энергетика министрлігін басқарды.