|
29.09.2022 | 15:03
2624

Нұрбек Матжани жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін министрлікке қарасты мекемелерде бірқатар тағайындаулар болды

Нұрбек Матжани жаңа қызметке тағайындалды Дархан Қыдыралидің Facebook парақшасынан

Бүгін министрлікке қарасты мекемелерде бірқатар тағайындаулар болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

“Қазақстандық қоғамдық даму институты” КеАҚ Басқарма төрағасы болып Нұрбек Матжани тағайындалды. 

Ал осы қызметті атқарып келген Майгелдинов Қазбек Майгелдинов “Қоғамдық келісім” РММ-ға директор болып тағайындалды.

Нұрбек Матжани - Northwestern университетінің менеджмент магистрі, жеке консалтинг.

Білімі:

2007–2011 жж. – Машина жасау бакалавры, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы 

2018–2020 жж. – Инженерлік менеджмент магистрі, Northwestern University, Эванстон, Иллинойс, АҚШ

Тәжірибесі:

2011–2015 жж.: «WikiBilim» қоғамдық қоры, координатор 2011–2013 жж., президент 2013–2015 жж.

2015–2016 жж.: Қызылорда облысы әкімінің аппараты, Қызылорда облысы әкімі орынбасарының көмекшісі.

2016–2017 жж.: «Bilim Media Group» ЖШС, басқарушы директор.

2016–2017 жж.: «WikiBilim» қоғамдық қоры, президент.

2017–2018 жж.: «Atom Media» ЖШС, атқарушы директор.

2020 жылдан бастап: жеке консалтинг.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир