Асхат Шахаров Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

05.09.2023 20:08

Ол 2020 жылға дейін БҚО Зеленов ауданының әкімі болған

stan.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Берлешұлы Шахаров Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Асхат Шахаров 1999 жылы Қазақ мемлекеттік туризм және спорт академиясын дене шынықтыру пәнінің оқытушысы - спорт бойынша жаттықтырушы, 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін халықаралық экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

2013 жылы РФ президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын аяқтаған.

Асхат Шахаров экономика ғылымдарының кандидаты.

Самбодан үш мәрте әлем чемпионы, екі дүркін әлем кубогының иегері, дзюдодан дүниежүзілік біріншіліктің қола жүлдегері, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері.

Ол еңбек жолын 2000 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде спорт пәндері кафедрасының аға оқытушысы болып бастады.

2005 жылғы қарашадан Ақтөбе педагогикалық институты дене тәрбиесі кафедрасының доценті.

2007 жылғы сәуірден Ақтөбе облыстық олимпиадашылар резервін дайындау орталығының директоры.

2013 жылғы маусымнан бері БҚО Қаратөбе ауданының әкімі қызметін, 2017 жылғы шілдеден 2020 жылға дейін БҚО Зеленов ауданының әкімі болды.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыл тойтарыс-2023» әскери оқу-жаттығу жиынына барды