Роман Төреханов ҚР Президентінің Күзет қызметін басқарады

10.02.2024 20:16

Бұған дейін бұл қызметті Шыңғыс Сайранұлы Әрінов атқарған болатын

Фото предоставлено пресс-службой Акорды

Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл қызметті Шыңғыс Сайранұлы Әрінов атқарған болатын. Ол 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады