|
16.02.2022 | 16:12
666

Руслан Әлішев Nur Media холдингін басқарды

Ол 2020 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды

Руслан Әлішев Nur Media холдингін басқарды  Фото: ашық дереккөзден

Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың бұйрығымен Nur Media холдингінің бас директоры қызметіне Руслан Әлішев тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Руслан Әлішев М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің түлегі. Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті атқарушы органдарда, Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімінің маманы қызметінен бастап, басқарма басшысы, облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарды. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып істеді. 

Екі жылдан астам Nur Otan партиясы Орталық аппаратының саяси жұмыс департаментін басқарды. 2020 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды. 

Айта кетейік, бұған дейін Руслан Әлішев ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» басшылығынан босатылғанын хабарлаған едік.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир