Жандарбек Бекшин қызметінен кетті ме

Ол Алматының бас санитар дәрігері қызметіне 2020 жылдың сәуір айында тағайындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері лауазымын босатады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі растады. Алматы қаласының бас санитар дәрігері және ҚР ДСМ КСК Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты 5 қаңтардан бастап қызметінен кетеді. 

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және ҚР ДСМ КСК Алматы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы боп Қарлығаш Әбдіжаббарова  тағайындалды. Ол өз жұмысын 27 желтоқсаннан бастайды.


Бұған дейін ол Алматы қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Еске салайық, Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметіне 2020 жылдың сәуір айында тағайындалды. 2019 жылдың маусым айынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитар дәрігер қызметін атқарған. Бұған дейін Жандарбек Бекшин Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметінде болып, лауазымынан босатылған еді. Жандарбек Бекшин 1958 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Новости партнеров