|
06.04.2022 | 17:45
1522

«Айқын» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды

«Айқын» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды Фото: ашық дереккөзден

Амангелді Құрмет «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Амангелді Құрмет 1979 жылы туған.

1998-2003 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Халықаралық журналистика мамандығын, 2015-2017 Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде магистратураны тәмамдаған.

2003-2006 жылдары «Астана ақшамы» газетінде жауапты хатшының орынбасары;

2006-2012 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Қазақ радиосында шеф-редактор;

2012-2013 жылдары ОҚО әкімі баспасөз қызметінің бас маманы;

2013-2014 жылдары Республикалық «Жебе» газетінің бас редакторы;

2015-2016 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ интернет редакциясының шеф-редакторы;

2016-2018 жылдары «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары;

2018-2019 жылдары Халықаралық Түркі академиясының баспасөз хатшысы;

2019-2020 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде әлеумет бөлімінің жетекшісі;

2020 жылдан қазіргі дейін AIQYN газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақ, түрік, орыс, ағылшын, моңғол тілін жетік біледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир