Бұған дейін ол «Алматыбасжоспар ҒЗИ» ЖШС-де деректермен жұмыс жөніндегі директор қызметін атқарған
Алматы қаласы әкімінің бұйрығымен сәулетші – қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының м.а. лауазымына Нұрлан Боранбаев тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Боранбаев Нұрлан Ақабайұлы 1963 жылы 22 желтоқсанда Ақтөбе қаласында туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын 1988 жылы бітірген.
Еңбек жолын Ақтөбедегі «Ақтөбеазаматжоба» жобалық ұйымында сәулетші болып бастаған. Жеке компанияларда және мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. «Қаланыбезендіру», Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбегеодезия» КМК-да басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ әкімнің кеңесшісі, Ақтөбе қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болған. Кейін «Ақтөбе облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің бастығы, «Актюбгрпждпнпроекттің» бас сәулетшісі болып жұмыс істеген.
Бұған дейін ол «Алматыбасжоспар ҒЗИ» ЖШС-де деректермен жұмыс жөніндегі директор қызметін атқарған.