Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды

17.06.2023 00:23

Ол - Бауыржан Жаубасов

Almaty.tv

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып Бауыржан Жаубасов тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бауыржан Жаубасов 1984 жылы туған. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын бітірген, заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек қызметі кезеңінде Жоғарғы сотта бас консультант болып жұмыс істеді, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінде мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. Әр жылдары Астана қаласы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып жұмыс істеді. Сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰДБ мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб жобасының ұлттық консультанты лауазымында жұмыс істеді. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының басқару институтының доценті қызметін атқарды.

2020 жылдан 2022 жылдың қараша айына дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі басшысының м.а. болып жұмыс істеді. 2022 жылдың қараша айынан бастап тағайындалғанға дейін Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.