Сағындық Телібаев Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы атанды

27.12.2022 в 00:58

Алматы әкімінің өкіміне сәйкес қалалық мобилділік басқармасының басшысы болып Сағындык Телібаев тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сағындык Телібаев Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.  

2006-2007 жылдары – «Алматыметроқұрылыс» АҚ күрделі құрылыс бөлімінде тау-техникалық инженер, «Алматының салынып жатқан метрополитені дирекциясы» ШЖҚ МҚК күрделі құрылыс бөлімінде жетекші инженер болып жұмыс істеген.  

2011-2013 жылдары – Алматы қаласының жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасында бас маман қызметін атқарған.

2013-2016 жылдары – аталмыш басқармада жолаушылар тасымалы бөліміің басшысы болған.  

2016-2019 жылдар – аралығында  жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

2019-2020 жылдары – осы басқарманың басшысы қызметін атқарған.

2020-2022 жылдары – ШЖҚ «Метрополитен» КМК директоры болды.