Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды

22.04.2021 02:31

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді

Inbusiness.kz

Ахметжан Есімов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай  мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен  Ахметжан Есімов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды», – деп жазды ол  Twitter-де. 

Еске сала кетейік, Ахметжан Смағұлұлы 2017 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың наурыз айына дейін «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған болатын.


2015-2017 жылдары «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясына төрағалық етсе, 2008 жыл мен 2017 жыл аралығында Алматы қаласының әкімі болған.


Әр жылдары Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі, Мемлекеттік хатшы және Алматы облысының әкімі қызметтерін атқарған.