|
26.04.2018 | 07:39
1429

Алматы тұрғындары салықшыларға 6 млрд теңгеден астам қарыз

Алматы тұрғындары салықшыларға 6 миллиард теңгеден астам қарыз екен. Олар жылдар бойы ескертуді елемей, берешегін беруден жалтарып келген. Енді Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері салықты өндіру үшін борышкерлердің есепшотын жауып, шетел асуына қатаң тыйым салмақ. Жалпы, тұрғындар салықтың қай түрлерін төлемейді? Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілінен сұрап білсек.

-Ұлан Ерденұлы, қайырлы кеш! Қазіргі таңда Алматы қаласында қанша азамат салықтан жалтарып жүр? Олардың жалпы берешегі қанша теңге?

- Бүгінгі таңда жеке тұлғалардың меншікке салынатын салықтан қарызы 6,5 млрд-тан асып отыр. Оның ішінде атап айтқанда: көлік салығынан 150 мыңдай салық төлеуші 6 млрд 200 млн қарызы бар. Ол жыл басымен салыстырғанда 1,5 еседей өсіп отыр. Мүлік салығынан 20 мың салық төлеушіден 211 млн бұрынғы жылдардың қарызы бар. Жер салығынан жеке тұлғаларға салынатын 13 мың салық төлеушілерден 30 млн-нан астам қарызы бар. Ол көлік салығынан бұрынғы жылдарға төленбеген 5 жылдың 4 млрд-тай салық берешегі болған жылдың басында. Қазіргі таңда 6 миллиард 200-ге өсіп отыр.

-Енді бұл қарыздарды өндіру бойынша қандай шара қолданбақшысыздар?

- Биылғы жылдан бастап жаңа салық кодексі қолданысқа енді. Салық органдары мәжүрлеп өндіру бойынша хабарламаның мерзімі өткен соң салықтық бұйрықты шығарып, салық төлеушіге тапсырылған соң 5 жұмыс күнінен кейін жеке сот орындаушыларына жөнелтіледі. Жеке сот орындаушылар өз кезегінде салық төлеушінің мүлкіне шектеу қойып, шетелге шығуға шектеу қоюға құқықтары бар. Егер өзі сол мерзімге дейін орындамаған жағдайда.

-Ал былтыр осындай деректер болды ма? Салығын төлемегендер шетелге шыға алмай қалған жағдайлар тіркелді ме?

-Былтырғы жылы 40 мың салық төлеушіге соттың шешімі шығып,мәжбүрлеп өндіруге жеке сот орындаушыларына жөнелтілді. Оның ішінде 20 мыңдай салық төлеушіге шетелге шығуға шектеу қойылды. Қазір 1 АЕК жоғары қарызы бар салық төлеушілерге хабарлама жөнелтіледі, сол хабарлама 30 күн ішінде өз еркімен орындау мерзімі өткеннен кейін заңмен көрсетілген шаралар – салықтық бұйрық шығару, сот орындаушысына мәжбүрлі түрде орындауға жөнелту, өз кезегінде сот орындаушылары әрі қарай заңмен көрсетілген мәжбүрлеп өндіру шараларын қолданады.

Ұлан Ерденұлы, уақытымыз шектеулі болғандықтан әңгімемізді осы арада үзуге мәжбүрміз. Бізге уақыт бөліп сұхбат бергеніңізге рақмет! 



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир