|
22.06.2018 | 20:00
2107

Алматылық оқушы ҰБТ-нің екінші күнінде 139 балл алып озық шықты

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күнінде Алматылық оқушы 139 балл жинады. Министрлік тарапы жақсы көрсеткішке қол жеткізген түлектің есімін құпия ұстауда. Ал, шекті балл ала алмағандардың саны 6 мыңды құраған. Айта кетейік, тестің алғашқы күні орташа балл 81, жоғары балл 137-ге жеткен болатын. Емтиханның алғашқы күндеріндегі өзгерістерді Елордалық әріптесім Назым Мәлікқызы біліп көрген болатын. Назым қайырлы кеш! Тестілеу орталығы қандай ақпараттармен бөлісіп жатыр?

Қайырлы кеш, Өмір! Қазір Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Сиқымұлы бізге маңызды науқанның екінші күнінің қорытындысы мен өзге де жаңалықтарымен бөлісуге дайын. 

Қайырлы кеш Рамазан Сиқымұлы! Мінеки түлектер тебіренткен Ұлттық Бірыңғай тестілеу басталды. Екі күннің қорытындысына тоқталсаңыз? Нәтиже қандай?

«Екінші мен бірінші күннің қорытындысын бірге айтуға рұқсат етіңіз.Кешегі таңда 43 700 түлектер тіркелген бізде базаға Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырамыз деп.Соның ішінде 42 300 ге жуық кісі Ұлттық бірыңғай тестілеуге нақты қатысып, ол нақты 97 пайызды құрап тұр. Өкінішке орай, 6000 шектеу баллды ала алмай қалды. Ең жоғары балл 139 , 140 ешкім алған жоқ. 140 балл алатын үміткер шығатын шығар»,-деді ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВ.

Шымкент қаласында Менделеев кестесін алып кірген, бұдан бөлек 10 жуық гаджет кіргізуге талпынған түлектердің  төңірегінде дау туындаған болатын. Негізі талап бойынша қалай? Жауаптары есептелмейтін болып отыр? ӘРі қарай қалай» болмақ?

«Ол түлек сәтті тапсырды. Ол жерде наразылық туып отырған себебі, сол көзі жетпегеннен кейін балы азайып қалды деп отыр. Негізі анулирование болған жоқ.Аудиториядан шығарған жоқ оны. Сұрақтарына жауап беріп, сканированиядан өтіп, өзінің керекті баллдарын алып отыр»,-деді ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВ.

Шекті баллдан аспағандар бұл жолы тамызда қайта тапсыруға болады дедіңіз? Екінші рет жақсы балл жинайтын болса грантқа түсу мүмкіндігі бар ма? Әлде ақылы ма?

«Жаңа форматтың ерекшелігі ҰБТ бірнеше тапсыруға, қайта тапсыруға болады. Енді ең басты ҰБТ шекті балл ала алмай қалса тамыз айында тапсыруға мүмкіншілігі бар. Бірақ бұл жерде айтав кету керек тамыз айында қайта тапсырған кезде гранттың конкурсына қатыса алмайды  және әрі қарай тек ақылы түрде оқуға мүмкіншілігі бар»,-деді ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВ.

Онлайн режимде ақау пайда болды. Неліктен үзілді?

«20 маусымда осы онлайн трансляция бойынша сбой болды.Оны мәлімдейміз. Сол күні біз бұл қызметті халықаралық компаниясы бізге көрсетеді. Сол күні біз хабарластық.Айвидион.ком деген адресі бар.Олар бір күннің ішінде осының бәрін қалпына келтіріп, қазіргі таңда бұл онлайн трансляция штаттық режимде жұмыс жасап жатыр.Енді не себептен сбой болғанын біз айта алмаймыз.Со күні біздің программистер бағдарлама жазып, қазіргі таңда екі бағытпен онлайн транляцияны байқап отыруға мүмкіншілік бар»,-деді ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВ.

Рамазан Сиқымұлы тұщымды ақпарыңызға рақмет! Өмір әзірге Ұлттық Бірыңғай тестің нәтижесіне қатысты мәлімет осы. Сөз кезегі өзіңде.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир