|
03.05.2018 | 14:24
6824

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы - Салтанат Байқошқарова

Байқошқарова Салтанат Берденқызы – Қазақстандағы Бірінші денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы – «Экомед» емханасының жетекшісі, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы.
Медицинадағы еңбек жолын 1988 жылы Алматыда дәрігер-лаборант болып бастаған.
1995 жылы бедеулікті емдейтін «Экомед» орталығын ұйымдастырып, Қазақстанда және Орталық Азияда алғашқы болып денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) әдісін енгізді. Нәтижесінде 1996 жылы 31 шілдеде осы лабораторияда Қазақстандағы алғашқы «құтыдағы бала» дүниеге келді. Қазақстандағы алғашқы лаборатория ретінде «Экомед» емханасы 1995 жылы Франциядағы Дүниежүзілік ДТҰ регистріне тіркелген.

Қазіргі уақытта Салтанат Байқошқарованың тек жақсылыққа ұмтылуы мен ізденімпаздығының арқасында «Экомед» емханасында дүниежүзіндегі адам ұрпағын өрбіту саласында қолданылатын жаңа заманға сай әдістердің барлығы енгізілген. Бұл кісінің көмегімен дүниеге келген балалар Қазақстанның түкпір-түкпірінде және алыс және жақын шетелдерде өмір сүреді. Салтанат Берденқызын ерекшелендіретін ол – өзі таңдаған ісіне деген құлшынысы, еңбекқорлығы, адалдығы мен махаббаты. Ол алыс ауылдардан келген материалдық жағдайы төмен әйелдерге әрқашан қол ұшын беріп, шамасы келгенше көмегін аямайды.
Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир