Алматы қаласында Астана күніне орай «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубы ашылды

Алматы қаласында Астана күніне орай «Шыңға Өрлеу»  әлеуметтік клубы ашылды
«Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубына көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін бара алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мереке қарсаңында Алматы қаласы Медеу ауданы Думан шағын ауданында «Шыңға Өрлеу» жаңа әлеуметтік клубының ашылу салтанаты өтті. Мұнда тақырыптық кештер, шеберлік сыныптары, қызықты адамдармен кездесулер, дәрістер, ашық аспан астында спорттық сабақтар, шағын аудан тұрғындары үшін экскурсиялар өткізілді. Әлеуметтік клубқа балалар қатыса алады, ал оларға зейнет жасындағы адамдар сабақ береді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Шыңға Өрлеу» – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Шетсіз қала» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба. Осы бастаманың арқасында әрбір алматылық тұрғылықты жеріне қарамастан тең өмір сүру стандарттарына ие болады.

Әлеуметтік клубтың ашылуы карантиндік шектеу шараларына байланысты онлайн-форматта қатысушылардың ең аз санымен өтті. Бұл жобаның мақсаты аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш мектеп жасындағы балаларға өмірлік тәжірибені, білім мен дағдыларды берудің үйлесімді процесін қалыптастыру арқылы аға буын өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамдық өмірге тарту.

«Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубына  көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін бара алады. Жоба 1-4 сынып оқушыларының тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар өскелең және аға буын арасындағы сабақтастық принциптерін қалыптастыра отырып, тұрмысы төмен әрі  көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеді.

Көпбалалы ана Бибінұр Ширалиева бұл жоба Думан шағын ауданына қажет екенін айтты.

«Бұл ауданда көпбалалы отбасылар және балалары өсіп келе жатқан жас отбасылар көп. «Шыңға өрлеудің» арқасында балалардың дамуына, олардың тәрбиесіне көңіл бөлінеді. Демалыста және сабақ уақытынан тыс  олар музыкамен айналыса алады, үйірмелерге қатысып, тәжірибесі бар аға буыннан білім алады. Өз кезегінде аға буын үшін бұл орталық жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Зейнеткерлер сабақ жүргізеді», – дейді Б. Ширалиева.

Новости партнеров