Алматының шетіндегі шағын аудандар жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

03.01.2022 15:00

Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мақсатында 57 отбасы, оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындары тегін қосылды

instagram

Алматының шетіндегі шағын аудандар жоғары жылдамдықты интернетке қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қала орталығынан шалғай орналасқан шағын аудандарда жоғары жылдамдықты интернет үшін инфрақұрылым құрылуда.

Жобаны екі оператор жүзеге асырады. Мәселен, «Қазақтелеком» АҚ Интернетке сараланған әрі сымсыз қолжеткізу үшін FWA (Fixed Wireless Access) желісінің құрылысын жүргізуде. Бұл технология жеке сектор мен қала маңындағы елді мекендер үшін өте тиімді.

Бүгінде компания Алатау ауданының Алғабас шағын ауданында желіні іске қосуды аяқтады. Алғашқы тұрғындар үйлерін интернетке қосуды бастады. Сондай-ақ, Түрксіб ауданының Өжет, Бұрындай, Теректі, Наурызбай ауданының Таусамалы, Әлмерек және Нұршашқан шағын аудандары FWA жүйесімен қамтылады. Осы жылдың соңына дейін 2 мыңға жуық абонентті қамту жоспарлануда.

Бұдан басқа, қала әкімдігі «Meganet» ЖШС компаниясымен бірлесіп, қаланың шетінде оранласқан шағын аудандардың тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернетке қосу бойынша жұмысты жалғастыруда. Мұнда талшықты-оптикалық байланыс желісінің технологиясы қолданылды.

Қазіргі кезде 1 586 абонент интернетке қосылған, қосу кезегінде – 304 абонент. Атап айтқанда, Нұршашқан шағын ауданында 349 үй , ал мына шағын аудандарда: Тастыбұлақта – 213; Таусамалында – 188; Ақжарда – 244; Қалқаман-2 де – 244; Қайратта – 205; Шұғылада – 51; Достықта – 22; Ақбұлақта – 17; Қарағайлыда 14 үй қосылды.

Сонымен қатар, Алатау, Наурызбай, Түрксіб аудандарының басқа да шағын аудандарында телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мақсатында 57 отбасы, оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындары тегін қосылды. Наурызбай ауданының Ақжар шағын ауданындағы балаларға арналған «Аманат» әлеуметтік интернат-үйі де интернетке қосылды.