Аудандағы спорттық инфрақұрылымды жақсарту үшін үшін денешынықтыру сауықтыру кешені және 4 жабық және 10 ашық корты бар теннис орталығы салынуда
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде балабақшалардың, мектептердің, сумен жабдықтау желілерінің, жолдардың құрылысымен және аумақты абаттандырумен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv
Ауданда мектеп орындарының санын көбейту мақсатында 5 жаңа мектеп және бұрыннан бар мектептер жанынан екі корпус салу жоспарлануда. Қала әкімі 125 орынды №166 лицейдің жаңа корпусын көрді. Кітапхана, асхана және спорт залы бар жаңа ғимараттың арқасында оқыту жағдайы жақсарды. Сондай-ақ, ашық спорт алаңы салынды.
Жалпы, Алатау ауданында «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша 24 ойын және спорт аймағы құрылады. Бұрын қараусыз қалған аймақтардағы жергілікті қоғамдық кеңістіктер абаттандырылатын болады.
Дарабоз шағын ауданында 320 орынға есептелген жаңа жеке балабақша Zere School ашылды. Білім беру бағдарламасымен және ішкі құрылымымен танысқаннан кейін қала әкімі Білім басқармасының басшысына аз қамтылған отбасылардың балаларына төленетін өтемақы мәселесін пысықтауды тапсырды.
Б. Сағынтаев сонымен қатар болашақ ұлттық жұқпалы аурулар ғылыми орталығының құрылыс алаңында болды. Жаңа медициналық мекеме Елбасының тапсырмасы бойынша салынуда әрі 350 төсек орынға есептелген. Қазіргі кезде жер үсті дайындық жұмыстары жүруде. Іргетасын салу үшін шамамен 110 мың текше метр топырақ шығарылды.
Аудандағы спорттық инфрақұрылымды жақсарту үшін үшін денешынықтыру сауықтыру кешені және төрт жабық және он ашық корты бар теннис орталығы салынуда. Б. Сағынтаев нысандарды пайдалануға беру қарқынын жеделдетуді тапсырды.
Қала әкімі жеке инвестор салып жатқан үстел теннисі орталығын қарап шықты. 12 үстелге арналған ойын залының алаңы 1510 шаршы метрді құрайды. Спортшыларға арналған қонақ үй мен асхана, көрермендерге арналған трибуна бар.
Зерделі шағын ауданында Б. Сағынтаев үйлердің іргетасын нығайту жұмыстарының барысын тексерді. Бүгінгі таңда «ҚазҚСҒЗИ» АҚ жүргізген зерделеулер мен ұсыныстарға сәйкес үш үй нығайтылып, тегістелді. Биыл 10 үйдің іргетасын нығайту жоспарланған. Бекітілген үйлердің қасбеттерін сырлау және кіреберістерін жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, аулаларды абаттандыру, арық желілерін жөндеу жоспарланған. Құрылыс-монтаж жұмыстары жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Қала әкімі құрылыс жұмыстарының сапасына және барысына күнделікті бақылау жасауды тапсырды.
Мегаполис әкімі Нұркент шағынауданындағы 18 үйдің қасбеттерін жөндеу барысымен танысты. Б. Сағынтаев Қала құрылысын бақылау басқармасының мамандарын тартуды және шағын ауданның белсенді тұрғындарымен бірге жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына қатаң бақылау орнатуды тапсырды. Аула аумақтарын абаттандыруда және тұрғын кешенінен шығатын қосымша орынды ұйымдастыруда тұрғындар пікірлері ескерілуі тиіс.
Алғабас шағын ауданында қала әкіміне инженерлік желілер құрылысының қарқыны туралы баяндалды. Жобаның бірінші кезеңі аясында өткен жылы 14,5 шақырым сумен жабдықтау және 11 шақырым су бұру желілері салынды. Осы жылы 2,5 шақырым сумен жабдықтау және 2,5 шақырым кәріз желілерін салу жоспарлануда. Сумен жабдықтаудың абоненттік желілері қосылуда, сондай-ақ жол жамылғысының негіздері жасалуда. Сумен жабдықтау және судан бұру қызметін 6 мың тұрғын (1250 үй) пайдаланатын болады.
Екінші кезең аясында Алғабас шағын ауданында 10 км су құбырлары мен кәріз желілері тарту жоспарланған. Аяқтау келесі жылға жоспарланған. Су желілеріне 4,5 мың адам тұратын 1014 үй қосылады.
Сондай-ақ, Алматы әкімі Б. Сағынтаев Алғабас шағын ауданының Алдияр көшесіндегі су басқан зардаптарды жою жұмыстарының сапасына баға берді және Әйгерім 1,2 шағын аудандарындағы жұмыс барысымен танысты. Мұнда 15 шақырым су желілері мен 15 шақырым су бұру жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты келер жылы аяқтау жоспарлануда.
Нұркент шағын ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық басқарма жанынан полицияның жаңа бөлімі ашылды. Қала әкіміне мұнда 90 қызметкердің жұмыс істейтіні, қызмет көрсету аумағы 2 мың гектар, тұрғындарының саны 97 мың адам екені баяндалды. Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша алаңы 400 шаршы метр болатын орын бөлінді.
Жұмыс сапары кезінде қала әкімі «Бюджетке қатысу» аясында қоғамдық орындарды абаттандыру жобаларымен де танысты.
Сонымен, Райымбек даңғылы - Момышұлы көшесінде ойын және спорт алаңдарын құрумен көпірасты кеңістік реконструкциялануда. Әйгерім шағын ауданында жергілікті қоғамдық аймақ көріктендіріліп, Мөңке би мен Әлмерек көшелерінің қиылысында артезиан бұлағының айналасы тазартылуда.