Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданы Жас Қанат ықш.-дағы №187 балабақшаға барып қайтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шаһар басшысының айтуынша, мұнда 90 бала қатысатын 9 кезекші топ ашылған. Аудандағы 22 мемлекеттік балабақшада барлығы 1474 балаға арналған 121 кезекші топ жұмыс істейді. 57 жеке меншікте 1525 балаға арналған 123 кезекші топ бар.
«КВИ-дің таралуын болдырмау үшін санитарлық нормалардың қатаң сақталуына назар аудардым. Бүгінде аудандағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамту үшін шамамен 2 мың орын керек», – деді ол.
Сондай-ақ, әкім келесі жылы екі балабақша салу жоспарланып отырғанын айтты.
«Әлеуметтік жауапкершіліктің жақсы үлгісін «АЗМК» ЖШС көрсетуде. Кәсіпорынның жанынан қызметкерлердің балаларына арналған мектепке дейінгі орталық ашылды. Бұл — өзге ірі кәсіпорындардың басшылары үшін үлгі боларлық тәжірибе», – деді қала әкімі.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)11 Сен 2020 в 8:03 PDT