|
12.09.2020 | 10:57
11549

Қала әкімі Түрксіб ауданындағы №187 балабақшаға барып қайтты

90 бала қатысатын 9 кезекші топ ашылған

Қала әкімі Түрксіб ауданындағы №187 балабақшаға барып қайтты @sagintayev.b

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданы Жас Қанат ықш.-дағы №187 балабақшаға барып қайтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһар басшысының айтуынша, мұнда 90 бала қатысатын 9 кезекші топ ашылған. Аудандағы 22 мемлекеттік балабақшада барлығы 1474 балаға арналған 121 кезекші топ жұмыс істейді. 57 жеке меншікте 1525 балаға арналған 123 кезекші топ бар.

«КВИ-дің таралуын болдырмау үшін санитарлық нормалардың қатаң сақталуына назар аудардым. Бүгінде аудандағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамту үшін шамамен 2 мың орын керек», – деді ол. 

Сондай-ақ, әкім келесі жылы екі балабақша салу жоспарланып отырғанын айтты.

«Әлеуметтік жауапкершіліктің жақсы үлгісін «АЗМК» ЖШС көрсетуде. Кәсіпорынның жанынан қызметкерлердің балаларына арналған мектепке дейінгі орталық ашылды. Бұл — өзге ірі кәсіпорындардың басшылары үшін үлгі боларлық тәжірибе», – деді қала әкімі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

12.09.2020 Түрксіб ауданы Жас Қанат ықш.-дағы №187 балабақшаға бардым. Мұнда 90 бала қатысатын 9 кезекші топ ашылған. Аудандағы 22 мемлекеттік балабақшада барлығы 1474 балаға арналған 121 кезекші топ жұмыс істейді. 57 жеке меншікте 1525 балаға арналған 123 кезекші топ бар. КВИ-дің таралуын болдырмау үшін санитарлық нормалардың қатаң сақталуына назар аудардым. ⠀ Бүгінде аудандағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамту үшін шамамен 2 мың орын керек. Келесі жылы екі балабақша салу жоспарлануда. Әлеуметтік жауапкершіліктің жақсы үлгісін «АЗМК» ЖШС көрсетуде. Кәсіпорынның жанынан қызметкерлердің балаларына арналған мектепке дейінгі орталық ашылды. Бұл — өзге ірі кәсіпорындардың басшылары үшін үлгі боларлық тәжірибе. ⠀ —— ⠀ Посетил детский сад №187 в мкр. Жас Канат Турксибского района, где открыто 9 дежурных групп, которые посещают 90 детей. Всего в 22 государственных детских садах района открыта 121 дежурная группа для 1474 детей. В 57 частных — 123 дежурные группы для 1525 детей. Обратил внимание на необходимость строгого соблюдения санитарных норм, чтобы не допустить распространения КВИ. ⠀ Сегодня в районе не хватает порядка 2 тыс. мест для полного охвата детей дошкольным воспитанием. В следующем году планируется строительство двух детских садов. В то же время хороший пример социальной ответственности показывает ТОО «АЗМК» — рядом с предприятием для детей сотрудников открыт дошкольный центр. Руководители других крупных предприятий могут взять на вооружение такой опыт.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)11 Сен 2020 в 8:03 PDT

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир