Алматыда кәсіпкерлер өз қаражатына балаларға арналған тегін домбыра мектебін ашты. Бұл тураллы қала әкімі Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматылықтарға тән қасиеттің бірі – әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейде болуы. Жетісу ауданында кәсіпкерлер өз қаражатына балаларға арналған тегін домбыра мектебін ашты. Қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтіруге Сәкен Мейірбеков көмек көрсетсе, бөлмелерді жабдықтау шығынын Айнұр Жұмаш өз мойнына алды. Сабақ санитарлық қауіпсіздік талаптар жағдайында өткізіледі. Ұстаздар қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа қабылданған Құрманғазы атындағы консерваторияның түлектері», – деп жазады қала әкімі.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)31 Авг 2020 в 10:10 PDT