Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді
Алматыда И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
«Бұрын жоспарланғандай, COVID-19-бен қарсы іс-қимылда төсек-орын қуатын күшейту үшін 500 орынды жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы дайындалды», – деді қала әкімі.