Алматыда аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік клубтар ашылды

29.08.2020 16:59

Клуб Жетісу ауданында орналасқан

Фото: Instagram

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік клубында болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Клубта санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық шаралары сақталады. Қызметтің бұл түрлеріне рұқсат берілгеннен кейін мұнда бейнелеу өнері, актерлік шеберлік, вокал, музыка мен би, домбыра, дойбы және шахмат үйірмелері ашылады. Сондай-ақ, мұнда емдік дене шынықтыру және өзіндік дайындық сағаттары бар. Кез-келген бала қызығушылық таныта алады. Екі ауысымда жұмыс істейтін клуб 50 келушіге арналған. Ең бастысы, балалар отбасылық атмосферада қамқор ата-әжелердің бақылауында болады. Біз осы әлеуметтік жобаны кеңейтіп, тағы үш клуб ашатын боламыз», – деді әкім өзінің Instagram парақшасында.