Наурызбай ауданының инженерлік және автокөлік инфрақұрылымының ауқымды дамуы ерекше бақылауда — Сағынтаев

01.11.2020 18:27

Алматы әкімі Б. Сағынтаев Жер қатынастары басқармасына құрылыс аймағына кіретін жер учаскелерін сатып алу мәселелерін тездетіп шешуді тапсырды

Almaty.tv

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылыс нысандарында болды.

Өзінің Instagram-дағы парақшасында Б. Сағынтаев Наурызбай ауданындағы инженерлік және автокөлік инфрақұрылымының ауқымды дамуы ерекше бақылауда екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Таяу жылдары орталық сумен қамтамасыз етуді 100%-ға дейін жеткізу міндеті тұр. Бүгінде ол бар болғаны 30%-ды құрайды. Жұмыс сапары кезінде сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысын тексердім. Тастыбұлақ ықшамауданындағы жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Келесі жылы Ақжар, Құрамыс, Таужолы, Қарғалы, Жайлау, Шұғыла ықшамаудандарында желілер мен «Қарғалы» су дайындау стансасын салуды жоспарлап отырмыз», — деп жазды Б. Сағынтаев.


Оның айтуынша, Абай даңғылын Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін тесіп өту жүргізілуде. Учаскенің жалпы ұзындығы — 5,3 км. Әшімов көшесінің қиылысында жолайрық салынуда.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев Жер қатынастары басқармасына құрылыс аймағына кіретін жер учаскелерін сатып алу мәселелерін тездетіп шешуді тапсырды. 

«Батыс бағыттағы трафикті жеңілдету үшін жобаны келесі жылы аяқтау міндеті тұр», — деп атап өтті шаһар әкімі.

Сондай-ақ келесі жылы Қонаев көшесін қайта жаңартуды (Жандосов көшесінің жалғасы) Яссауи көшесінен Рысқұлов көшесіндегі «Таусамалы» кентіне дейін аяқтау жоспарлануда. 

Ұзындығы 1,2 шақырым болатын жол 4 жолақты боп кеңейтіліп, тротуарлар мен арық желісі салынады. 

Ауданда қазір 57 көшедегі 48 шақырым жолға асфальт төселді. 147 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

34 көшеде жаңа тротуарлар мен 18,7 км арық желілері салынды.



Посмотреть эту публикацию в Instagram

Наурызбай ауданының инженерлік және автокөлік инфрақұрылымының ауқымды дамуы ерекше бақылауда. Таяу жылдары орталық сумен қамтамасыз етуді 100%-ға дейін жеткізу міндеті тұр. Бүгінде ол бар болғаны 30%-ды құрайды. Жұмыс сапары кезінде сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысын тексердім. Тастыбұлақ ықшамауданындағы жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Келесі жылы Ақжар, Құрамыс, Таужолы, Қарғалы, Жайлау, Шұғыла ықшамаудандарында желілер мен «Қарғалы» су дайындау стансасын салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ келесі жылы Қонаев көшесін қайта жаңартуды (Жандосов көшесінің жалғасы) Яссауи көшесінен Рысқұлов көшесіндегі «Таусамалы» кентіне дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ұзындығы 1,2 шақырым болатын жол 4 жолақты боп кеңейтіліп, тротуарлар мен арық желісі салынады. —— Масштабное развитие инженерной и автотранспортной инфраструктуры Наурызбайского района находится на особом контроле. Поставлена задача довести в ближайшие годы обеспеченность центральным водоснабжением до 100%, которая сегодня составляет всего 30%. Во время рабочего объезда проверил ход строительства сетей водоснабжения и водоотведения. В микрорайоне Тастыбулак работу завершим до конца года. В следующем году планируем построить сети в микрорайонах Акжар, Курамыс, Таужолы, Каргалы, Жайлау, Шугыла и станцию водоподготовки «Каргалы». Ведется пробивка пр. Абая от ул. Момышулы до границы города. Общая протяженность участка 5,3 км. На пересечении с ул. Ашимова строится автодорожная развязка. Управлению земельных отношений поручил ускорить решение вопросов с выкупом земельных участков, попадающих в зону строительства. Задача — завершить проект в следующем году с тем, чтобы разгрузить трафик в западном направлении. Также в следующем году планируем завершить реконструкцию ул. Кунаева (продолжение ул. Жандосова) от ул. Яссауи до ул. Рыскулова в пос. Таусамалы. Дорога протяженностью 1,2 км будет расширена до 4 полос с устройством тротуаров и арычной сети. В районе на сегодняшний день заасфальтировано 48 км дорог на 57 улицах. На 147 улицах проведен текущий ремонт дорог. На 34 улицах построены новые тротуары и 18,7 км арычных сетей.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)31 Окт 2020 в 11:01 PDT