Шетсіз қала: Алматының жаңа шағын аудандарында жолдар салынып жатыр

05.11.2021 18:17

«Жаңа Алматы» Кешенді жоспарының іске асырылу барысын сараптамалық талқылау аясында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері көтерілді

фото из открытых источников

Дөңгелек үстел барысында қалалық Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Алмас Батанов «Жаңа Алматының» көлік құрылымын қалыптастыру туралы айтып берді. Мегаполистің көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 3097 шақырымды құрайды. Бұл ретте қалаға қосылған шағын аудандарда 299 километр жолдың қатты жабыны жоқ. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 80%-дан 83%-ға дейін жеткізу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Шаңырақ-5, Нұршашқан, Самғау, Әлмерек, Қайрат, Өжет шағын аудандарында жолдардың құрылысы мен күрделі жөндеу аяқталды. Сондай-ақ, ұзындығы 201,1 км 206 көшенің орташа жөндеуі аяқталды, Думан шағын ауданының 59 көшесінде 30,5 км жол күрделі жөндеуден өтті. Ұзындығы 6,7 шақырым болатын Абай мен Саинның екі радиалды көшелерін тесу жүріп жатыр», - деді А. Батанов.

Сонымен қатар, Таусамалы кентіндегі Яссауи көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін ұзындығы 1,2 шақырым болатын Алматы көшесін қайта жаңарту аяқталды. Рысқұлов даңғ. – Емцов к., Сейфуллин к. – Жансүгіров к., Бұқтырма к. - Құлжа трактісі көлік айырықтарының құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде.

2022 жылдың бірінші тоқсанында қала маңындағы жолдар қауіпсіз болады. 12 бағдаршам объектісі орнатылады, 10 реттелетін және 30 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі жасалады.

Жалпы, «Жаңа Алматы» жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қалаға қосылған шағын аудандардағы өмір сапасын жақсартады, қала тұрғындарының, сондай-ақ Алматы облысындағы аудан тұрғындарының мобилділігі артады.