|
07.12.2020 | 13:30
4034

Алматының шеткі аймақтарында 40 шақырымнан астам жаңа жол салынды

Бақытжан Сағынтаев «Жаңа Алматының» шеткі аймақтарын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру жөнінде айтты

Алматының шеткі аймақтарында 40 шақырымнан астам жаңа жол салынды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Жаңа Алматының» шеткі аймақтарын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту аясында биыл 300 шақырымға жуық су құбырлары мен кәріз желілері тартылды. Нәтижесінде «Жаңа Алматы» ықшамаудандарының 50 мың тұрғыны сумен қамтудың және суды бұрудың орталықтандырылған жүйесіне қосылды.

2019 жылы сыртқы жарықтандыру желілерін орнатуды талап ететін жарығы жоқ көшелерді анықтау бойынша аудит жүргізілді. Нәтижесінде 2 жылдың ішінде қаланы толықтай жарықтандыру бойынша шешім қабылданды. Жыл соңына дейін қала шетіндегі 1423 көше жарықтандырылады. Бұл қаланың Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб сынды 4 ауданын 100% жарықтандыруды қамтамасыз етеді.

2021 жылдың соңына дейін қалған Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы 601 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Осылайша, Алматы қаласын 100% жарықтандыруға қолжеткізу жоспарлануда.

Жол инфрақұрылымын дамыту аясында «Жаңа Алматының» ықшамаудандарында 42,8 шақырым жол салынды. Ұзындығы 192 шақырым болатын 270 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, 86 шақырым тротуар салынып, жөнделді. 4 саябақ және 5 жаяу жүргінші аймақтарын абаттандыру қарастырылған.

Биылғы жылы жоспардағы іс-шаралардың барлығы толығымен орындалды. Келер жылы шеткі аймақтарды дамыту жөніндегі жобалар іске асырылады, яғни қаржыландыру көздері арқылы жалпы сомасы 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарлануда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир